Бейбіт Шуменов WBA (Regular) тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Шуменов WBA (Regular) тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы атанды

07.07.2018
Бейбіт Шуменов WBA (Regular) тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шуменов Астана қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде түрік боксшысы Хизни Алтункаядан басым түсіп, WBA (Regular) тұжырымдамасы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралған боксшы тәжірибелі түрік боксшысына қарсы өткен кездесуде алғашқы раундтан басымдықты өз қолына алды.

12 раундтық бәсекенің 9 раунд қорытындысы бойынша түрік боксшысының бапкерлері жекпе-жектен бас тартып, чемпиондық атақ отандасымызға бұйырды. Айта кетейік, жекпе-жек барысында Бейбіт Шуменов Хизни Алтункаяны екі рет нокдаунға жіберген еді.

 

Жекпе-жектің толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу