Бүгін Астанада республикалық «Ұлы дала рухы» атты фестиваль басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада республикалық «Ұлы дала рухы» атты фестиваль басталды

04.07.2018

Бұл ең көп ұлттық спорттарды қамтыған ең ауқымды және тұңғыш фестиваль. Оған республика бойынша 7 мыңнан аса спортшы қатысады. Көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық ату секілді сегіз ұлттық спорт түрі фестивальде қамтылған. Шара еліміздің Оңтүстігі мен Шығысын, Батыс мен Солтүстігін қамтиды. Ал, 14 облыс пен 3 қаладан іріктелген командалар фестивальдің екінші кезеңіне жолдама алады. Ол кезең Астана төрінде өтеді. Бұдан бөлек, фестиваль мен Астана күні аясында «Астана кубогына» арналған ат жарыс жоспарланған. Жүлде қоры 20 млн. теңге. Фестивальдің ашылу салтанаты барысында жеребе тартылып, қатысушылардың реті анықталды.

Нұрсұлтан Ибрагимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық және ат спорт орталығының директоры:

- Осы 4 аймақта іріктеліп болған спортшылар 11 мен 16 қыркүйек аралығында Астанада «Қазанат» ипподромында, «Дәулет» спорт кешенінде финалдық кездесулер өткізеді. Сол жерде біз мықтыларды анықтайтын боламыз.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу