Паралимпиада чемпионы Александр Колядин: Медаль керек болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада чемпионы Александр Колядин: Медаль керек болды

14.03.2018

Отандық шаңғышы Александр Колядин Қысқы Паралимпиада тарихында Қазақстан қоржынына тұңғыш рет алтын медаль салды. Шаңғымен 1,5 шақырымдық жарыс жолын бірінші болып еңсерген отандасымыз жапондық және канадалық атлеттердің алдын орап кетті. Бұған дейін 20 шақырымдық қашықтықта тағы бір шаңғышымыз Александр Герлиц төртінші нәтиже көрсеткен болатын. Естеріңізге сала кетсек, Паралимпиада ойындары 9-наурызда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында бастау алған болатын. Байрақты бәсеке 18-наурызда аяқталады.     

Александр Колядин, Паралимпиада чемпионы:

- Медаль керек болды. Сол үшін күрестім. Бәрі ойдағыдай болды. Өзіміздің қызметкерлерге алғыс айтамын. Шаңғыны жақсы ұстап, көп көмектесті.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу