«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды

16.12.2017

Қазақ күресінен Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өткен «Еуразия Барысы» жарысында Қазақстан құрамасы бас жүлдені иеленді.

Ақтық сында Қазақстан құрамасы Алматы облысының «Қазақстан-2» командасымен кездесті. Нәтижесінде аталған командалар арасындағы тартысты белдесу «Қазақстан-1» жеңісімен аяқталды. Жалпы есеп - 5:3.

Осылайша, бірінші орын алған «Қазақстан-1» командасына 10 миллион теңге, екінші орын алған «Қазақстан-2» құрамасына алты миллион теңге және үшінші орын иеленген Өзбекстан командасына төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Спорт жанкүйерлеріне жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

Хабарламаларға жазылу