«Еуразия барысы». 60 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Ысқақов жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». 60 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Ысқақов жеңіске жетті

16.12.2017

Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия барысы» турнирінің алғашқы айналымында Қазақстан құрамасы Моңғолия командасымен кездесті.

Қазақстан құрамасы сапынан 60 келі салмақ дәрежесінде күш сынасатын Қуаныш Ысқақов моңғол палуаны Амарболд Жагваралдоржпен белдесті.

Қарсыластар бір-біріне дес бермеді, дей тұрғанмен 5 минутқа созылған тартыста қазақ палуаны  1997 жылы туған моңғол спортшысын өзінің біліктілігі, тәжірибесі арқылы жеңді. Осылайша, Қуаныш Ысқақов командалық есепті теңестірді. Әзірге есеп 1:1

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу