«Еуразия барысы». Дәулет Ниетбай грузиялық Левани Берберашвилиден басым түсті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». Дәулет Ниетбай грузиялық Левани Берберашвилиден басым түсті (ВИДЕО)

16.12.2017

Дәл қазір «Алматы арена» спорт кешенінде қазақ күресінен осымен бесінші рет ұйымдастырылып  отырған «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтуде.

Қазақстан құрамасынан  боз кілемге алғаш болып шыққан палуан 55 келі салмақ дәрежесінде белдесетін Дәулет Ниетбай (Алматы құрамасы) грузиялық Левани Берберашвилимен кездесті.

Алматылық палуан салған жерден шапшаң қимылдап, екі рет жартылай жеңіс ұпайын алды. Осылайша, Дәулет Ниетбай таза жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.
 

Хабарламаларға жазылу