Бауыржан Байбек: Палуандардың бағы мен бабы қатар шапсын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек: Палуандардың бағы мен бабы қатар шапсын

16.12.2017

Бүгін «Алматы Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен бесінші рет «Еуразия Барысы» жарысы басталды. Айта кету керек, биыл бұл додаға Бразилия, Камерун, Жапонияның палуандары тұңғыш рет қатысады. 

Шараның ашылу салтанат ында алғаш болып сөз алған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, палуандарға сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу