Ертең «Еуразия Барысы» басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Еуразия Барысы» басталады

15.12.2017

Ертең «Алматы Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен бесінші рет «Еуразия Барысы» жарысы басталады.

Биыл бұл додаға Бразилия, Камерун, Жапонияның балуандары тұңғыш рет қатысады. Сондай-ақ, Өзбекстан, Түркия және біздің елден қос команда, яғни, Қазақстан мен Алматы құрамасы бозкілемге шығады. Қазақ күресінен мол тәжіребиелері бар Грузия мен Моңғолияның балуандары да шығады. «Еуразия Барысы» командалық жарыс болғандықтан, әр құрамадан сегіз балуан 55-тен 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдеседі.

Жеңіс Биткөзов, Қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы:

- Тоғыз мемлекет шақырылып отыр. Жылдан-жылға мемлекеттерді қосамыз деген ойдамыз. Келесі жылы Әлем Кубогы деп өткіземіз деген жоспарымыз бар.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу