Геннадий Головкин-Сауль Альварес. Ендігі раунд – реванш (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин-Сауль Альварес. Ендігі раунд – реванш (ВИДЕО)

18.09.2017

Спорт бір ғана саланың аясынан шығып, саясатқа, бизнеске һәм қуатты күшке айналғалы қашан. Себебі, әлем жұрты сол спорт сахнасындағы әрбір жаңалық, әрбір оқиғаны қалт жібермейді. Таразылайды, өз бағасын береді. Мәселен, Лас-Вегастағы кешегі бокс жекпе-жегінен кейін жаһан жұрты екіге бөлініп, қызу пікірталас жасады. Бірі Головкин жеңді десе, екіншілері Альварес айласын асырды, -  дейді.

Әлем мен әлеуметтік желілерде жекпе-жектің екпіні әлі басылар емес. Ал, төрешілердің таразысы тең түсті. Оған да көп дау айтылып жатыр. Ендеше, тілшіміз Азамат Бейбітұлы шаршы алаңның ішіндегі жекпе-жек пен сыртындағы пікірлер шайқасын шолып көрсін.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу