Жарыста Қазақстан, АҚШ, Ресей, Грузия, Қырғыз елі және Оңтүстік Кореядан келген 50 дзюдошы бақтарын сынады. Жеті салмақта белдескен спортшылар арасынан жерлестеріміздің мерейі үстем болып, командалық есепте 1-орынды иеленді. 2-орын Ресей, ал, 3-орын АҚШ палуандарына бұйырды. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - бұл турнирді паралимпиадаларға лицензиялық ұпайлар берілетін жарыс ретінде тіркеу. Ал, белдесулерде алтын алғандардың бірі 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Рио Паралимпиадасына қатысушысы атыраулық Әнуар Сариев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда парадзюдодан «Гран-при Қазақстан 2017» бірінші халықаралық турнирі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/29492/)