Арман Шораев: Осы жолғы «Әлем барысы» турнирінде оң өзгерістер бар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арман Шораев: Осы жолғы «Әлем барысы» турнирінде оң өзгерістер бар (ВИДЕО)

08.09.2017

Бүгін Астанадағы «Барыс аренада» «Әлем барысы» халықаралық турнирі өтуде. Осыған орай «QAZSPORT» телеарнасына «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораевтың сұхбат  берді.

Биылғы «Әлем барысы» турнирінің айырмашылығына тоқталған Арман Шораев алғашқы өткен жарысқа қарағанда, оң өзгерістер барын айтады.

«Бірінші рет өткізгенде шетелдік жаттықтырушылар да, палуандар да аса сенген жоқ. Бірақ, сонда да мықты палуандар келді. Павлодарда өткен жарысқа 35 мемлекет қатысса, биыл 40 мемлекеттің палуаны келді. Шетінен «сен тұр, мен атайын» деген алыптар әлемнің әр түкпірінен келіп отыр»,-дейді.

Айта кетейік, абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді.

«Qazaqstan» ҰТА:

Белдесулер - 12:45

«Qazsport»  телеарнасы:

Ашылу рәсімі - 09:50 

Белдесулер - 12:45

Хабарламаларға жазылу