Қанат Ислам: Брэндон Кукпен кездесуім ең бір жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам: Брэндон Кукпен кездесуім ең бір жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын

06.09.2017

Бокстан бірнеше тұжырым бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам бүгін канадалық былғары қолғап шебері Брэндон Кукпен бетпе-бет кездесті. Арнайы баспасөз мәслихатында боксшылар 9-қыркүйекте өтетін бәсекеге тастүйін дайын екендерін хабарлады. «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтетін басты кездесуде WBA Inter-Continental және WBO-NABO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Отандасымыздың қарсыласы осал емес. Кәсіпқой рингта 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Сондай-ақ, бокс кешінде қазақстандық басқа боксшылардың қатысуымен тағы сегіз жекпе-жек өтеді. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу