Азия біріншілігінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия біріншілігінде жеңіске жеткен спортшылар марапатталды

20.07.2017

Жеңіл атлетика қауымдастығы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен спортшыларды ақшалай сыйақымен марапаттады. Үндістанда өткен құрлықтық сайыста Қазақстан атлеттері 8 медаль иеленді. Оның төртеуі алтын, екеуі күміс және екі қола медаль. Жеңімпаздың әрқайсысына  400 мың теңгеден бастап, 3 миллионға дейін қаржылай сыйлық табысталды. Құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанған желаяқтар енді әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.    

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу