Астанада каратэ-додан Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада каратэ-додан Азия чемпионаты басталды

13.07.2017

Астанада каратэ-додан он төртінші және кадеттер мен жастар арасында 16-шы Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге 30 елден 700-ден астам спортшы қатысуда. Каратэден мұндай үлкен көлемдегі дода Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біздің елдің намысын 70-тен астам спортшы қорғайды. Континенттік чемпионатта рейтингтік ұпайлар беріледі. Яғни, спортшылардың Токио-2020 Олимпиада ойындарына ұпай жинауға мүмкіндіктері бар.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу