Жанат Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанат Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды

11.02.2017
Жанат Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды. Отандасымыз АҚШ-та өткен жекпе-жекте Роуши Уорренді ұтты.

Жанат жекпе-жекті сәтсіз бастады. Бірінші раундта-ақ екі рет нокдаун алып қалды. Үшінші раундтан бастап жұдырықтасу мәнерін ауыстырып, қарсыласын қыспаққа ала бастады. Кездесу 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов жекпе-жекке WBA жүйесі бойынша уақытша чемпиондық атақпен шыққан еді. Кездесу қорытындысы бойынша отандасымыз 30 мың АҚШ долларын, ал, америкалық боксшы бес есе көп сыйақы алады.

Жанат Жақиянов кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізген. 26 мәрте қарсыласынан басым түссе, біреуінде ғана есе жіберген. Отандасымыз бір жыл бойы жарақатына байланысты жекпе-жек өткізе алмаған болатын.

vesti.kz

Хабарламаларға жазылу