Қазақстан құрамасы «Еуразия барысының» жеңімпазы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы «Еуразия барысының» жеңімпазы

01.12.2016
Қазақстан құрамасы «Еуразия барысының» жеңімпазы болды. Командалық ойында ақтық сайыста Қазақстан мен Моңғолия палуандары кездесіп, біздің жігіттердің мерейі үстем болды.

Айтулы дода тұңғыш рет Алматы қаласында 12 мың орындық «Алматы Арена» спорт кешенінде өтті. Аталған турнир Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналды.

Сайысқа 8 елдің палуандары қатысты. «Еуразия барысы» турнирі күні бойы тікелей эфирден «Kazsport» пен «Қазақстан» Ұлттық телераналарынан көрсетілді.


Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу