Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады  (ВИДЕО)

13.09.2016
Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады  (ВИДЕО)

Қазақстан ұлттық құрамасы Колумбия елінде өтіп жатқан футзалдан Әлем чемпионатын жеңіліспен бастады. 

Какау шәкірттері топтық кезеңнің алғашқы ойынында Аргентина құрамасымен кездескен болатын. Нәтижесінде матч 1:0 есебімен оңтүстікамерикалықтардың пайдасына шешілді. 

Матчтағы жалғыз гол алғашқы таймның аяқталуына 38 секунд қалғанда соғылды.  Қазақстан командасының қақпашысы Игита қақпадан шығып кеткен соң, допты иеленіп,Аламиро Вапораки бос қақпаға гол соқты. 

Айта кетейік, футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан 16 қыркүйек күні Коста-Рика командасына қарсы кездесу өткізеді. 

Хабарламаларға жазылу