Қырғызстан - Қазақстан кездесуін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан - Қазақстан кездесуін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

30.08.2016
Қырғызстан - Қазақстан кездесуін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Бішкектегі Долон Омурзаков атындағы стадионда Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өтеді.

Ойынға түркменстандық Чарымурат Курбанов  бастаған төрешілер тобы қазылық етеді.

Қазақстан намысын қорғайтын футболшылар келесідегідей:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Давид Лория («Ертіс»), Владимир Плотников («Қайрат»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Гафуржан Суюмбаев («Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Сергей Малый («Ертіс»), Елдос Ахметов («Ертіс»), Виктор Дмитренко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Самат Смақов («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Азат Нургалиев («Астана»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Асхат Тағыберген («Астана»), Альмир Мухутдинов («Тобыл»), Станислав Лунин («Қайрат»);

Шабуылшылар: Сергей Хижниченко («Тобыл»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»), Танат Нүсербаев («Астана»), Роман Мұртазаев («Ертіс»).

Қосалқы құрам:

Қақпашы: Самат Отарбаев («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Илья Воротников («Тараз»), Александр Кислицын («Оқжетпес»), Евгений Постников («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Мардан Төлебек («Ордабасы»), Жакып Қожамберді («Оқжетпес»), Абзал Таубай («Тараз»), Марат Хайруллин («Оқжетпес»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Ақтөбе»).

Естеріңізге сала кетсек, кездесуді тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасы көрсетеді. Трансляция басталуы 19:50-де.      

Хабарламаларға жазылу