Алматыда Спорт күні атап өтілді (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Спорт күні атап өтілді (ФОТО)

22.08.2016
Алматыда Спорт күні атап өтілді (ФОТО)

Алматыда «Авиатор» стадионында, «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Спорт күні атап өтілді.

1

Мерекелік бағдарламаның салтанатты ашылуы Алматы қаласы Жоғары Спорттық Шеберлік Мектебі (ЖСШБ) мен №17 балар мен жасөспірімдерге арналған мамандырылған спорт мектебінің каратэ-до спортшыларының көрнекі өнер көрстеуімен басталды. 

2 500 ден аса қала тұрғындары мен қонақтары арасында спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар таратылды. Атап айтатын болсақ, сайыстар шағын-футбол, волейбол, қол күрес, арқан тарту, гір спорты, асық-ату, бұқа тартыс, тымақ ұру, т.б.спорт түрлерінен өтті. Сонымен қатар балаларға арналған ойын түрлері де қарастырылды: «Робин Гуд», «Президент», «Сағат».

3

Мерекелік күнді қала тұрғындарымен бірге атап өту үшін аланға көптеген спорт мектебінің директорлары, елімізге еңбек сінірген бапкерлер, «Қайрат» футбол клубының ойыншылары және Серік Ибрагимов пен Алуа сынды әншілер жиналып, ізгі ниеттерін білдірді.

4

5

6

7

Хабарламаларға жазылу