Әйелдер арасында футболдан ел чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелдер арасында футболдан ел чемпионаты өтуде

07.07.2016
Әйелдер арасында футболдан ел чемпионаты өтуде

Биылғы маусымнан бастап футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып жатқан «Астана» футболшылары екі ойында  № 2 облыстық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасының қақпасына жауапсыз 28 гол соқты.

Ел біріншілігінің 7-ші туры аясында өткен алғашқы ойын 16:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілсе, екінші матчта да елордалық арулар ақтөбелік команда қақпасына 12 доп соқты. Қос кездесуде  Ирина Чукисова бас сұрмерген атанды.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу