Светлана Подобедова: Мен өз құқығымды қорғаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Светлана Подобедова: Мен өз құқығымды қорғаймын

17.06.2016
Светлана Подобедова: Мен өз құқығымды қорғаймын

Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова, допинг пайдаланды деген күдік пайда болғаннан кейін өзінің Instagram-дағы парақшасында осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

«Мен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Бұған қалай әсер ету керек екенін де білмей отырмын. 2009 жылдан Қазақстан құрамасы құрамында өнер көрсетіп, барлық лицензиялық турнирде барлық  допинг-сынақтардан, соның ішінде 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы сынақтан да өттім. Ол кезде қанымда допинг болмаған.

Сынамаларды қайта тексеру үдерісі және қандай принцип бойынша спортшыларды таңдағаны түсініксіз. 4 жыл өтті... Неге дәл Риодағы жауапты сын алдында мұндай жаңалықты таратты? Жауаптан гөрі сұрақтарым көп. Алайда, осыған байланысты ТМД елдерінің жетекші спортшылары уақытша шеттетілді. Осы сәттен бастап мен өз құқықтарымды қорғаймын. Спорттық әлемдегі дауларды есепке алып, еш жағдайға қарамастан, мен жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатырмын!», - деп жазды Светлана.

Хабарламаларға жазылу