Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды

28.04.2016
Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды
Жарысқа 13 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысуда.

Астанада көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы 14-ші Азия чемпионаты басталды. Жарысқа 13 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысуда. Бұл туралы арнайы осы шара үшін орталық коммуниқациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Екі жылда бір рет өтетін сайыста бас төреші қызметін атқаруға жапониялық Рико Ямомота шақырылған. 13 пен 15 жас аралығындағы қыздар бақ сынайтын додада гимнастиканың 5 түрі бойынша 24 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Хабарламаларға жазылу