Самат Смақов «Ақтөбеге» қайта оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самат Смақов «Ақтөбеге» қайта оралды

04.02.2016
Самат Смақов «Ақтөбеге» қайта оралды
Капитанның командаға қайта оралуы жергілікті жанкүйерлерді де қуантып отыр.

Былғары аяқдоп шебері Самат Смақов «Ақтөбе» клубына қайта оралды. Келісімшарт бір жылға жасалған. Өткен жылдың соңында Павлодардың «Ертіс» командасынан кеткен футболшы «Ордабасы» немесе «Атырауға» баратыны туралы түрлі қауесеттер тараған.

Дегенмен, Самат өзі 5 жыл бойы ойнаған «Ақтөбеге» оралуды жөн көріпті. Капитанның командаға қайта оралуы жергілікті жанкүйерлерді де қуантып отыр. Себебі, өткен маусымда қомақты жалақы алып, командада ойнаған легионерлер қазір қатарда жоқ.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу