WBC Президенті сөзінде тұрмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WBC Президенті сөзінде тұрмады

26.11.2015
WBC Президенті сөзінде   тұрмады
WBC Президенті сөзінде   тұрмады

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль Альварестің келер жылдың басында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC чемпиондық белбеуін қорғауына қатысты ұстанымынан айныды.

Бұған дейін Сулейман алдағы аптада Альварес пен Головкиннің кездесетін күні мен орнын хабарлауға уәде берген болатын. Енді ол бұл уәдесінен айнып, екі боксшы өзара жекпе-жек өткізерден алдын ерікті түрде өз белбеулерін қорғаса, дұрыс болар еді деген пікірге келіп отыр.

Оның айтуынша, Головкин мен Альварес 2016 жылдың мамыр айында өтетін бокс кешіне өздері қалаған қарсыласты таңдап, өз белбеулерін ерікті түрде бір рет қорғаса, ал қыркүйек айында сол белбеулерін өзара сарапқа салса, дұрыс болады. Мұндай шешім екі тарапқа да тиімді болмақ.», - дейді М.Сулейман.

Айта кету керек, Альварес 21 қараша күні Коттоны жеңгеннен кейін WBC ұйымы одан 2 апта ішінде Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге келісетіні немесе белбеуден ерікті түрде бас тартатыны жайлы хабарлауды талап еткен болатын.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу