Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері АҚШ-тан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері АҚШ-тан жүлдемен оралды

12.11.2015
Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері АҚШ-тан жүлдемен оралды
Әлем чемпионатына 50 мемлекеттің мықтылары қатысқан.

Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері тағы бір турнирден құр алақан қайтпады. Лос-Анджелесте өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдар Махметов қола медальді жеңіп алса, аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Дәурен Қабыкенов күміс медальді мойнына тақты.

Ал, жарақаты сыр берген Нұрлан Сермағамбетов жарысты ерте аяқтады. Айта кету керек, чемпионатқа 50 мемлекеттің мықтылары қатысқан. Мұхиттың арғы жағында Қазақстан намысын абыроймен қорғаған спортшылар елге оралды.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу