Оралда «Жас барыс» турнирі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Жас барыс» турнирі өтуде

05.11.2015
Оралда «Жас барыс» турнирі өтуде
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 14 аймағынан келген палуандар қатысып жатыр.

Орал қаласында қазақ күресінен төртінші республикалық «Жас барыс» турнирі өтіп жатыр. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 14 аймағынан келген палуандар қатысуда.

Жас мөлшеріне қарай олар балалар, жасөспірімдер және жастар болып үш топқа бөлінген. Белдесулер 9 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылуда. Мамандар қатысушылардың дайындық деңгейінің жоғары екендігін айтады. Жарыс үш күнге созылады.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу