«Қазақстан дауысы» - «Көрмей тыңдаудың» соңғы кезеңі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан дауысы» - «Көрмей тыңдаудың» соңғы кезеңі

18.10.2015
«Қазақстан дауысы» - «Көрмей тыңдаудың» соңғы кезеңі

Бүгін «Қазақстан дауысы» жобасының үшінші маусымының үшінші шығарылымы көрерменге жол тартады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жобада өзгеріс көп. Тәлімгерлердің бірі – Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді.

Сондай-ақ, биыл «Нар тәуекел» атты жаңа кезең қосылған. Бұл кезең қатысушыларға екінші мүмкіндік бермек.

Елдің түкпір-түкпіріндегі таланттардың танылуына себепші болатын «Қазақстан дауысы» ұйымдастырушылары жобаның алдыңғы маусымдарға қарағанда, қызықтырақ болатынын айтады.

Байқаудың алғашқы белесі «Көрмей тыңдаудың» соңғы кезеңін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу