«Астана» командасы екінші кездесуін «Галатасарай» клубына қарсы өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» командасы екінші кездесуін «Галатасарай» клубына қарсы өткізеді

29.09.2015
 «Астана» командасы екінші кездесуін «Галатасарай» клубына қарсы өткізеді

Ертең Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңінде елордалық «Астана» командасы екінші кездесуін түріктердің «Галатасарай» футбол клубына қарсы өткізеді.

«Астана-Арена» стадионында өтетін теңбіл доп бәсекесі алдында қазақстандық клуб баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Шараға елордалық клубтың бас бапкері Станимир Стоилов пен команданың қорғаушысы Елдос Ахметов қатысып, футболшылардың ойын алдындағы дайындықтары туралы жеткізді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу