1966-жылдан бері 20-шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1966-жылдан бері 20-шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады

20.07.2015
1966-жылдан бері 20-шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады

Атаулы күнге орай Алматыдағы Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында мерекелік шара өтті. Төлеби Әйтенов  - сегіз жасынан шахмат ойнауды үйренген. Алғашында анасы осы академияға алып келгенде шахматқа қатты қызыға қоймаған.

Ол бір жылдың ішінде ортаға бейімделіп, шахмат ойнаудың түрлі ережелерін игерді. Тоғыз жасар Төлеби бүгінде Республикалық  бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанды. Арманшыл оқушы келешекте Халықаралық жарыстарға қатысып топ жаруды көздейді.  

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу