Оңтүстік Кореяда көркем гимнастикадан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда көркем гимнастикадан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды

11.06.2015
Оңтүстік Кореяда көркем гимнастикадан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды

Алдымен Әлия Асымова шығып өзінің бар мықтылығын көрсете алмады. Нәтижесінде отандасымыз өз орындауында екі қателік жіберіп алды.

Екінші болып ортаға шыққан Сабина Әшірбаева шығыршығын қолында емін-еркін иірді және жоғары ұпайға қол жеткізді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Әшірбаева 34,600 ұпаймен 4-ші орынға тұрақтаса, Асымова 32,750 нәтижесімен 7-ші орынды қанағат тұтты. Ал, 35.700 ұпай жинаған оңтүстік кореялық Сон Ен Же топ басында.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу