Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында бақ сынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында бақ сынайды

09.06.2015
Қазақстандық көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында бақ сынайды

Ертең Оңтүстік Кореяда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты жалауын желбіретеді. Маусымның 14-не дейін жалғасатан додада «сары құрлықтың» 10 құрамасы қатысуға ниет білдірген.

Ал, еліміздің атынан бұл чемпионатта 8 спортшы жекелей және топтық сында бақ сынамақ. 

Олардың қатарында Азия ойындарының жүлдегері Әлия Асымова, Нанкинде өткен жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындарының командалық жарысында күміс жүлдеге ие болған Нұрай Құмарова бар.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ 

Хабарламаларға жазылу