Әлібек Бөлешов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына 11 жылдан кейін қайта шақырту алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлібек Бөлешов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына 11 жылдан кейін қайта шақырту алды

28.05.2015
Әлібек Бөлешов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына 11 жылдан кейін қайта шақырту алды

Кеңейтілген тізімге бас бапкер Юрий Крсаножан ел чемпионаты мен шетелде ойнайтын 38 футболшыны енгізді.

Олардың арасында Германияның «Ингольштадт» клубының қорғаушысы Константин Энгель, «Грасхоппер» жартылай қорғаушысы Александр Меркель болса, еліміздің негізгі командасында ойнауға араға 11 жыл салып Әлібек Бөлешов қайта шақырту алған. Сондай-ақ, жарақатынан айыққан Жамбыл Көкеев те құрама жейдесін киеді.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусым күні Талғарда басталады. Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы матч 12 маусымда, ал  Кабо-Верде құрамасымен жолдастық кездесу 16 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу