«Қазақстан Барысы - 2015» турниріне дайындық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы - 2015» турниріне дайындық басталды

23.05.2015
«Қазақстан Барысы - 2015» турниріне дайындық басталды

«Қазақстан Барысы - 2015» турнирінің биылғы жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайды.

Бесінші рет өтетін байрақты бәсекеде аймақтардан іріктелген 32 боз кілем шебері бақ сынайды. Олардың қатарында осы жарысты бұрын ұтып алған мықтылармен қатар турнирге алғаш рет жолдама алған жастар да бар.

Айтулы додада күш сынасатын алыптар Алатау баурайында бас қосып, бір-бірінің бабын байқады. Арнайы медициналық тексерістен өтті.

«Қазақстан Барысы - 2015» белбеуінің иегері анықталатын дүбірлі доданың төрешілері турнирге бір апта қалғанда анақталатын болады.

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін турнирге палуандар сақадай сай.

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу