Таэквондодан Әлем чемпионаты жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондодан Әлем чемпионаты жалғасуда

14.05.2015
Таэквондодан Әлем чемпионаты жалғасуда

Челябинскіде таэквондодан Әлем чемпионатының екінші күні аяқталды. Қазақстанның намысын қорғауға шыққан екі спортшы жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

49 келіге дейінгі әйелдер сайысында Анаргүл Сабыр алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Патимат Абакароваға жол берді.

Ал, ерлер арасындағы бәсекеде құрама капитаны Ержан Абылқас екінші айналымда португалиялық спортшы Жулио Феррейрамен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ 

Хабарламаларға жазылу