Алматыда «Жеңімпаздар аллеясы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жеңімпаздар аллеясы» ашылды

10.04.2015
Алматыда «Жеңімпаздар аллеясы» ашылды

Ауыр атлетикадан ел намысын қорғаған жеңімпаздар тал екті.

Ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни, жаттықтырушы Тойшан Бектеміров, жеңімпаздар Жасұлан Қыдырбаев пен Кирилл Павлов арша тұқымдас туя ағаштарының бірнешеуін отырғызды.

Игі шарадан кейін спортшылар «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәлімгерлерімен жүздесті.

Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев спортты жанына серік еткен жастарға жеңіске деген ұмтылыс жайында ақыл-кеңес беріп, тәжірибесімен бөлісті.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу