Алматыда каратэден Нұрғали Абайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда каратэден Нұрғали Абайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

09.02.2015
Алматыда каратэден Нұрғали Абайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Аса тартысты өткен кездесулердің қорытындысы бойынша 68 келі салмақ дәрежесінде бас жүлдені шымкенттік Дархан Асәділов жеңіп алса, жүлделі орындарды Қайсар Алпысбай және Александр Степанец өзара бөлісті.

78 келіде Қырғыз елінің шығыс жекпе жек шебері топ жарса, 78 келіден жоғары салмақта Игорь Чихмаревтың бағы жанды.

Жарыстың толық нұсқасын бүгін «KAZsport» телеарнасынан сағат 21:50 де көре аласыздар.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу