Аргентинада Дакар-2015 жарысы жалғасуда (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада Дакар-2015 жарысы жалғасуда (ВИДЕО)

07.01.2015
Аргентинада Дакар-2015 жарысы жалғасуда (ВИДЕО)

Вилла Карлос Пас және Сан Хуан қалаларының арасында өткен «Дакар-2015» ралли-рейдінің екінші күнінде жол талғамайтын көліктер мен жүк көліктері үшін бір-біріне аздап ұқсамайтын арнайы аймақтар әзірленіпті.

Команданың басты үміті Артур Ардавичус экипажы үшін бұл кезең сәтсіз болды.

Бұрылыстардың бірінде экипаж мінген жүк көлігі аударылып, нәтижесінде пилот жеңімпаздан ондаған минутқа ұтылып қалды. 

Мәреге келгесін техникалық комиссия көліктің ақауын қарап шығып, жарысты жалғастыруға рұқсат берді.

Ал, үшінші кезең Сан Хуан және Килечито қалаларында өтіп жатыр. Оның ұзақтығы 542 шақырымды құрайды.

 

 

Хабарламаларға жазылу