Биатлоннан Әлем Кубогының ІІІ кезеңі жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биатлоннан Әлем Кубогының ІІІ кезеңі жалғасуда

20.12.2014
Биатлоннан Әлем Кубогының ІІІ кезеңі жалғасуда

Словенияның Паклюка қаласында биатлоннан Әлем Кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Кеше әйелдер 7 жарым шақырымдық спринтте үздіктерді анықтады. Сол жарыстың қорытындысы бойынша 60 биатлоншы қатысатын 10 шақырымдық із кесу жарысында қазақстандық спортшы Галина Вишневская өнер көрсетті. Жарыс жолына шыққан 57 спортшының арасынан  жерлесіміз 54-орынға тұрақтады. Ал, бұл бәсекеде Беларусь өкілі Дарья Домрачева жеңімпаз атанса, оның басты қарсыласы Кайся Макаоряйнен екінші орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 10 секунд уақытқа қалып қойды. Ал үздік үштікті украиналық Валентина Семеренко түйіндеді.

Хабарламаларға жазылу