Алматыда алғаш рет садақ атудан «Алтын мерген» турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алғаш рет садақ атудан «Алтын мерген» турнирі өтті

29.10.2014
Алматыда алғаш рет садақ атудан «Алтын мерген» турнирі өтті

Садақ атудың классикалық және Компаунд жаттығуларын қамтыған жарыс бес күнге созылды.

Жарыстың алғашқы екі күні командалық сайыстар өтіп, классикалық садақ атудан алматылық Әйгерім Шаяхмет пен Константин Ким жұбы жеңіске жетті.

Классикалық жаттығуда әйелдер арасынан Фарида Төкебаева чемпион атанса, Диана Қашқынбаева екінші, Адина Бажан үшінші орынға тұрақтады.

Ерлерден ағайынды Ганькиндер алғашқы екі орынды өзара бөлісті. Артем чемпион атанса, Денис күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын Константин Кимнің еншісінде.

 

Әзиз ТАСТАЕВ

Хабарламаларға жазылу