«Әлем барысы» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем барысы» анықталды

25.10.2014
«Әлем барысы» анықталды

«Әлем барысының» алтын белбеуі үшін айқас. Павлодардағы «Астана» алаңы бүгін бес құрлықтан бас қосқан 32 апайтөс палуан үшін құшағын айқара ашты. Белдесуді Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев ашып, Президенттің хатын оқыды. «Әлем барысының» құрметті қонағы, Голливуд әртісі Кэри-Хироюки Тагава қазақ қоғамына жылы лебізін білдірді. 

Алтын белбеу салмағы ең ауыр спортшыға бұйырды. Кубадан келген 161 келілік Видал Брайсон «Әлем барысы» атанды. Халықаралық турнирдің 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдесін де қанжығысына байлады. Екінші орынға іліккен отандасымыз Айбек Нұғымаров 20 мың АҚШ долларын алды. Ал, үшінші жүлдені, яғни 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы ресейлік Максим Ширяевқа бұйырды.

 

Әлия ӘШІМ 

Хабарламаларға жазылу