«Барыс» хоккей клубы «Амурды» жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыс» хоккей клубы «Амурды» жеңді

15.10.2014
«Барыс» хоккей клубы «Амурды» жеңді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» ойыншылары «Амур» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Айдын иелері ойынның 3-ші минутында есеп ашты. Гол авторы  - Дастин Бойд.

Бұл елордалық хоккейшінің    биылғы маусымдағы 10-шы шайбасы.  Одан кейін  Найджел Доус екі бірдей шайба соғып, өз командасын алға шығарды.

Екінші кезеңнің ортасында Роман Старченко  жергілікті жанкүйерді бір қуантса, матчтың нүктесін Дмитрий Уппер қойды. Есеп – 5:0.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу