Бүгін XVII Жазғы Азия ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін XVII Жазғы Азия ойындары аяқталды

04.10.2014
Бүгін XVII Жазғы Азия ойындары аяқталды

19-шы қыркүйек пен 4-ші қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында құрлықтың 45 елінен келген спортшылар, спорттың 36 түрі бойынша 439 медаль жиынтығын сарапқа салған.

Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл сында жалпы саны 84 жүлде, оның 28-і «алтын», 23-і «күміс» және 33 «қола» ұтып, жалпы есепте 4 орынды иеленді.

Ал, 151 алтын медаль ұтқан Қытай спортшылары топ бастаса, екінші  сатыға 79 «алтыны» бар Оңтүстік Корея орналасты. Үздік үштікті 47 алтын жүлдемен Жапония түйіндеді.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу