Дәулет Шабанбай Азиаданың 16-шы «күмісін» қоржынға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәулет Шабанбай Азиаданың 16-шы «күмісін» қоржынға салды

29.09.2014
Дәулет Шабанбай Азиаданың 16-шы «күмісін» қоржынға салды

Қазақстандық палуан Дәулет Шабанбай (125 келі) Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 16-шы күміс жүлдені салды.

Бүгін ол финалда Иран палуаны Парвиз Хади Басманжбен бозкілемде белдесіп, ұтылып қалды. Есеп — 1:3.

Айта кетейік, финалға дейін Дәулет Сирия және Жапония палуандарын жеңген болатын.

Хабарламаларға жазылу