Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов байдарка жарысында Азия ойындарының алтын жүлдесін қоржынға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов байдарка жарысында Азия ойындарының алтын жүлдесін қоржынға салды

29.09.2014
Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов байдарка жарысында Азия ойындарының алтын жүлдесін қоржынға салды

Бүгін Азия ойындарында байдарка мен каноэден ескеу есуден жүлделер сарапқа салынып жатыр.

1000 метр қашықтықтағы жұптық бәсекеде қазақстандық Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов  алтын медальді жеңімп алды. Олардың нәтижесі - 3:20,012.

Екінші және үшінші орынды ирандық және қытайлық спортшылар бөлісті.

Бұл – Қазақстанның ХVII Жазғы Азия ойындарындағы оныншы «алтыны».

Фото: otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу