Гандбол. Қазақстандық қыздар Азия ойындарының қола жүлдесі үшін ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гандбол. Қазақстандық қыздар Азия ойындарының қола жүлдесі үшін ойнайды

28.09.2014
Гандбол. Қазақстандық қыздар Азия ойындарының қола жүлдесі үшін ойнайды

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында гандболдан жартылай финалдық ойындар өтті.

Қазақстан құрамасы алаңа иелері Оңтүстік Корея елінің спортшыларымен ойнап, 30:41 есебімен есе жіберді. Қазақстан сапынан ең көп гол соққан – Ирина Александрова.

Енді қазақстандық спортшылар қола медаль үшін 1-ші қазанда Қытай немесе Жапония спортшыларымен ойнайды.

Фото: om-saratov.ru

Хабарламаларға жазылу