Дабл-траптан Азия ойындарында қазақстандық қыздар 6-шы орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дабл-траптан Азия ойындарында қазақстандық қыздар 6-шы орынды иеленді

25.09.2014
Дабл-траптан Азия ойындарында қазақстандық қыздар 6-шы орынды иеленді

Бүгін Азия ойындарында стендтік оқ атудан әйелдер арасында командалық сайыстың жүлдесі сарапқа салынды.

Дабл-траптан командалық ойында Қытай ойыншылары топ жарып, әлем және Азия ойындарының рекордын орнатты. 2-ші орынды Оңтүстік Корея спортшылары иеленсе, үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді.

Қазақстандық спортышалар Мария Дмитриенко, Анастасия Давыдова және Оксана Середа 6-шы орынды місе тұтты.

 

Фото: sk-sport.kz

Хабарламаларға жазылу