Бақтияр Ибраев – Азия ойындарының қола жүлдегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақтияр Ибраев – Азия ойындарының қола жүлдегері

25.09.2014
Бақтияр Ибраев – Азия ойындарының қола жүлдегері

Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында 10 метрден жылжымалы нысананы көздеуден жекелей сайыстар аяқталды.

Ерлер бәсекесінде қазақстандық мерген Бақтияр Ибраев Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.  Ол үшінші орын үшін тартыста Солтүстік Корея спортшысы Мьонвон Пактан 7:5 есебімен басым түсті.

Бірінші орынды қытайлық Юйя Жай ұтып алса, екінші орында – Солтүстік Корея өкілі Йонгчой Жо.

Айта кетейік, бұл Бақтияр Ибраев үшін Азия ойындарының екінші қола жүлдесі. Ол бүгін командалық жарыста да үздік үштіктен көрінген еді.

Жекелей бәсекеде сынға түскен қазақстандық спортшылар Андрей Гуров пен Расим Молоғұлы  11-ші және 12-ші орынға тұрақтады.

 

Хабарламаларға жазылу