Инхчон-2014. Нысана көздеуден командалық сайыста қазақстандық қыздар алтыншы орынды қанағат тұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инхчон-2014. Нысана көздеуден командалық сайыста қазақстандық қыздар алтыншы орынды қанағат тұтты

24.09.2014
Инхчон-2014. Нысана көздеуден командалық сайыста қазақстандық  қыздар алтыншы орынды қанағат тұтты

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында нысана көздеуден жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.

Әйелдер арасында 50 метр қашықтықта винтовкадан жатып ату бәсекесінің командалық жарысында Азия ойындарының «алтынын» жарыс қожайындары иеленді. Екінші орында – Қытай. Үздік үштікте – Малайзия спортышлары.

Қазақстан құрамасы бұл сайыста алтыншы орынды иеленді. Командалық сайысқа Ольга Довгун, Елизавета Лунина және Александра Малиновская қатысты.

 

Оқ ату. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)

Әйелдер. Винтовка. Жатып ату. 50 м. Командалық сайыс.

 

1. Оңтүстік Корея — 1855,5

2. Қытай — 1854,1

3. Малайзия — 1853,6

 

6. Қазақстан — 1843,5. 

Хабарламаларға жазылу