Инчхон-2014. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

23.09.2014
Инчхон-2014. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында еркін комбинация бағдарламасы бойынша қола жүлдені жеңіп алды.

Жүлдеге ілінгендердің қатарында  Әмина Ермаханова, Әйгерім Анарбаева, Дания Талғатова Кристина Тыныбаева, Екатерина Немич, Александра Немич, Алина Маткова, Ксения Качурина және Юлия Кемпель бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін жекелей сында Екатерина Немич және Александра Немич  Азия ойындарының қола жүлдесін иеленген еді.

Фото: proficinema.ru

Хабарламаларға жазылу