Инчхон-2014. Анастасия Давыдова – төртінші, Мария Дмитриенко – алтыншы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Анастасия Давыдова – төртінші, Мария Дмитриенко – алтыншы

23.09.2014
Инчхон-2014. Анастасия Давыдова – төртінші, Мария Дмитриенко – алтыншы

Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында стендттік оқу атудан әйелдер арасында жекелей сындағы финалдық сайыстар аяқталды.

Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен қазақстандық мергендер Анастасия Давыдова мен Мария Дмитриенконың жартылай финалда жолы болмады. Нәтижесінде Анастасия Давыдова – төртінші, Мария Дмитриенко – алтыншы орынды місе тұтты.

Бұл сайыста қытайлық Жингу Жу Азия чемпионы атанса, жапон қызы Юке Накаяма күміс жүлдені еншіледі. Үшінші орында – таиландтық Чаттайя Китчароен.

Еске сала кетейік, стендттік оқу атудан командалық жарыстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды.

Фото: ria.ru

Хабарламаларға жазылу